Депутаттар Динара Шүкіжанованың отставкасын қолдады

Мәжілісмендер Динара Шүкіжанованың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетін тоқтатуға дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Палатаның жалпы отырысында депутаттар бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына арыз берген Шүкіжанованың отставкаға кетуіне дауыс берді.

Еске салайық, Динара Шүкіжанова 2023 жылы наурызда Respublica партиясынан Мәжілістің 8-шақырылымының депутаты болып сайланған. Сейсенбі, 23 қаңтарда Шүкіжанованың мандатын тапсыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады