12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДЕПУТАТТАР АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ АЛАҢДАП ОТЫР

Қоғамда алаңдаушылық тудырған Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтардың ҚР Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелеріне наразылық Парламент мінберінен де айтылды. Жаңадан сайланған депутаттардың бұл тұрғыдағы сөзі батыл шықты.

Парламент Мәжілісінің дәстүрлі жалпы отырысында Ерлан Саиров пен Ермұрат Бапи заңнамалық құзыретін пайдаланып, құзырлы орын басшыларына арнайы сауал жасап, мәселенің өзектілігін, туындау себебін, болуы мүмкін салдарын жан-жақты жеткізіп, шешудің жолдарын ұсынды. Ерлан Биахметұлы өз депутаттық сауалын ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновқа жолдады. Ерлан Биахметұлы бұл оқиғаның еліміздегі құқықтық сана және қоғамдық процестер саласындағы фундаменталды проблемалардың бар екендігін көрсететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтар өздерінің іс-қадамдары үшін нақты заң алдында қатаң жауап беретіндігін сезініп, түсіну керек. Құқықтық мемлекет дегеніміз заң және тәртіп болса, ҚР Конституциясына сәйкес, іс-әрекеттері мемлекеттің территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінде Қазақстанның тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру әрекеттеріне ауыр жаза қарастырылған. – Бұл оқиға еліміздің ақпараттық-қоғамдық саласында да терең проблемалардың бар екендігін көрсетті. Азаматтардың мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәселесімен ешбір мемлекеттік орган жүйелі айналысып отырған жоқ, мемлекеттің және шекаралық аймақтардағы ақпараттық қауіпсіздік проблемасы ушығып тұр. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне әлеуметтік, экономика, саясат салаларында өздерін көрсетуге, бейбіт, лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттің бірлігі мен еліміздің территориялық тұтастығы үшін аянбай еңбек етіп, күресуі керек, – дей келе депутат АMANAT партиясы фракциясы мүшелері Үкімет құзырлы органдармен бірлесе отырып, келесі жедел қадамдар жасауы маңыздылығын атап көрсетті. Нақты ұсыныстарын ортаға салды. Ермұрат Бапи да депутаттық сауалын ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа жолдады. Ермұрат Сейітқазыұлы бұл оқиғаны – «Жаңа Қазақстан» идеясына қарсы бағытталған және оған тікелей төнген қатердің бірегей белгісі деп бағалау керек екенін мәлімдеді. Бұл өте қауіпті үрдіс. Сондықтан бұл мемлекеттік қаскүнемдікке қызмет бабымен ғана емес, азаматтық жауапкершілік пен перзенттік парыз тұрғысында алаңдаушылық білдіруіміз керек. Бұл реттегі ойын ол «Қазақстан Конституциясы мен тиісті мемлекеттік заңдар кез келген сепаратизмге қарсы тұра алады. Бірақ халықтық мүдденің қасиеттін қорғайтын «ұлттық намыс» деп аталатын тағы бір құдіретті күш бар» – дей келе біздің елдің намысын қорғаған ұлтжанды азаматтар Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаев «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген желеумен әрқайсысы 5 жылға сотталып кеткенін қынжыла ортаға салды. Оның айтуынша, Қазақстанда болып келген сепаратизм синдромын және Петропавл қаласындағы жуықта болған жікшілденудің жиіркенішті жағдаятын ескере отырып, Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевқа қатысты үкімді қайтадан қарайтын уақыт та, саяси себеп те, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығы да туды. Сондықтан Бас прокурор өзінің құзыретін пайдалана отырып, жаңадан пайда болған жағдаяттарға сәйкес, Қазақстанның Жоғарғы Сотынан М. Боранбаев пен Д. Намазбаевқа қатысты сот үкімін қайтадан қарауға және оларды түрмеден босатуға пәрмен беруі керек. Жалпы, бұл отырыста депутаттар тарапынан біраз мәселелер қабырғасынан қойылды. Соның бірі мемлекеттік тілдің қолданысына қатысты болды. Бұл мәселені депутат Самат Мұсабаев көтерді. Самат Базарбайұлы өзінің депутаттық сауалын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевқа жолдап, мемлекеттік қызмет саласындағы қазақ тілінің жағдайына назар аудартты. Бұл орайда депутат заңмен бекітілген биік мәртебесіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет саласында ана тіліміздің орыс тілінің тасасында қалып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған себеп болып отырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидасында «ҚР мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді» деген тұжырым. Бұл мемлекеттік қызметке өту барысындағы тапсырылатын тестілеуде қазақ тілінің қажеттілігі жоқ дегенді білдірді. Мұны нақты мысалдармен дәйектеді. Айқындалған талапқа сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік қызметке өту сынағында 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша қамтылған 130 сұрақтың белгілі бір межесі көрсетілген. Ал қазақ тілінен өту межесі айқындалмаған. Бұл ана тілге деген құрметтің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Сайлау барысында көп сынға ұшырап, кейбір істері күмән тудырған ең жас депутат Дәулет Мұқаев та үнсіз қалмады. Ол өзіне жете таныс баспана мәселесіне қатысты депутаттық сауал жасап, құзырлы орындарға бұл салада туындап отырған түйткілдерді жеткізді. Соның бірі, тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың халықтың сұранысын қанағаттандырмай отырғанын орынды мәлімдеп, нақты ұсыныстар жолдады. Атап айтар болсақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізу қажет. Өйткені, «Бақытты отбасы» бағдарламасы елімізде 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын бюджеттен 50 миллиард теңге төңірегінде ақша —аударылып, 8 мыңға жуық отбасы үйлі болды. Бағдарлама аясында максималды несиелеу сомасы аймақтар бойынша (Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау) 15 миллион теңгеге тең еді. 2019–2020 жылдары бұл ақшаға 2 бөлмелі үй алуға мүмкіндік болса, қазіргі уақытта пәтер бағасы өскеннен тек 1 бөлмелі үй алуға мәжбүр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасы деп, кемі 4 бала есептеледі. Олардың ата-анасын қоссақ, бір үйде кемі 6 адам. Дәл қазіргі уақытта жаңа үйлер конкурс негізінде берілгендіктен, кейбір отбасылар 32-40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр. Сондықтан да бұл бағдарламаға нақты өзгеріс қажет. Осы орайда ол статистика айтып отырған үйленген жастардың 40 пайызға жуығының ажырасуына баспанасыздықтың себеп болып отырғанына назар аудартты. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алары сөзсіз. Мұқаев мырзаның айтуынша, бұл үшін «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспауы керек. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна – 50 пайыз. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудырады. Сол секілді 7-20-25 бағдарламасы бойынша талаптар өзгеру керек. Оған баспанасыздардың бәрі қатыса алмайды. Маусым сайын қойылатын лимит бағдарламаны қажет ететіндерге қолжетімсіз. Халық банктердің алдында түнеуге мәжбүр болуда. Бағдарлама 2029 жылға дейін созылады дегенімен, оған дейін аты бар, заты жоқ бағдарламаға айналуы әбден мүмкін. Мыңдаған адам банктен мақұлдау алғанымен, лимит кесірінен үйдің кілтін ала алмай жүр. Ал, жастарға берілетін жалдамалы пәтердің жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан кем дегенде 1000-ы салынуы керек еді. Алайда, үйдің уақытында салынбауынан жастар жалдамалы пәтерлерін өткен жылы толық алмады. Яғни, бағдарлама жұмыс істеп тұрған жоқ. Жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өскендіктен, алдағы уақытта берілетін пәтерлер саны да өсуді талап етеді. Әрі бұл бағдарлама тек 3 қаламен ғана шектелмей, еліміздің барлық аймақтарында іске қосылу керек. Тұтастай алғанда, Парламент қабырғасында халық көкейіндегі мәселелер белгілі деңгейде көтеріле бастағандай.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,