Денсаулық сақтау мамамандары сотталғандармен кездесті

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Р.Бактиберлина, облыстық ДСБ-ның БМСК бөлімінің маманы Н.Жұмаш пен №6 қалалық емханасының басшысының орынбасары Н.Жалғасбаева және ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров №68 мемлекеттік мекемесіне барды.

Басты мақсат : сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысып, жеке сұрақтары бойынша қабылдау болды.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны А.Әмірбек пен медицина бөлімінің терапевт дәрігері Н.Көжеков келушілерді қамаудағылардың жағдайымен таныстырды.

Медицина қызметкерлері мекемені аралау барысында сотталғандармен кездесіп, денсаулығы жөніндегі сүрақтарын тыңдап, жеке қабылдау өткізді.

Пенитенциярлық мекемелердегі медециналық қамтамасыз ету денсаулық министрлігінің қарамағына берілгелі қылмысқа тартылған азаматтардың денсаулығын тексеру, диагностика жасау мен емдеудің заманауи әдістеріне қол жеткізудің тиімділігі артып келеді. Бүгін облыстық медицина қызметкерлері сотталғандардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

Келген мамандар сотталғандардың денсаулық тарихымен танысып, ауруларының белгілерін сұрап білді.

Бекітілген диагнозы бойынша алдағы уақытта сала мамандары келіп кеңес беріп, одан әрі емдеу жұмыстарын жүргізілетінін айтты – деп , хабарлады ҚАЖД МӘСҚ аға инспекторы М.Шайымбетова

Ескертуді елемеген: ҚАЖ мекемесіне 23 450 теңге алып өтпек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты...

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ!

Бала тәрбиесі – адамзат алдындағы ең маңызды әрі жауапты...

Жүк көлігінің төбе қаптамасының астынан 10 телефон мен 42 SIM-карта табылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12...

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...