Денсаулық сақтау басқармасы облыстың денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсартуға инвесторларды шақырады

Алматы облысында бірқатар медициналық мекемелерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда 2020 жылы сенімгерлік басқару құқығына ие болған «A-CLASS MEDICAL» ЖШС Талғар аудандық ауруханасына қарасты 27 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аурухана қазір медициналық қызметтердің барлық циклін ұсынып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 4 жаңа медициналық орталық пайдалануға берілді. Атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданындағы Достық ауылы мен Қ. Ұлтарақов ауылында, Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылы және Іле ауданындағы Чапай ауылында медициналық орталықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған барлық орталықтарда халыққа барлық бейінді мамандар медициналық қызмет көрсетіп отыр.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақтаева Лязат Мейрашқызы облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары бойынша жұмыстар атқарылып отырғанын атап өтті.

-Бүгінгі таңда Алматы облысындағы 340 мемлекеттік мекеменің ішінде 40 нысанның инфрақұрылымын жақсарту қажет. Ол үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану жөніндегі ұсыныстар қаралуда.
93 мекеменің инфақұрылымы жақсартылды. Атап айтқанда 2022 жылы 30 нысан, 2023 жылы 44 нысанның жұмысы аяқталды. Ал 2024 жылы 19 нысанда аяқтау жоспарланған, — деді басқарма басшысы.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы — денсаулық сақтау нысандарын салуға бюджет қаражатын үнемдеуге, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа ғимараттарды салуға мүмкіндік береді.

Облыста жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 2022 жылы 4 нысанға, 2023 жылы 1 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 6 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. 2023 — 2024 жылдары 5 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар 2022 жылы 4 нысанның құрылысы аяқталып, 16 блокты-модульдік кешен қолданысқа берілді. 2023 жылы 11 блокты-модульдік кешен орнату жұмыстары аяқталады.
2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа құрылыс-монтаждау жұмыстары 6 объектіде (2 емхана; 2 дәрігерлік амбулатория; 1 фельдшерлік-акушерлік пункт; 1 медициналық пункт) жүргізіледі, оның 4 — і 2023 жылы , 2 нысанның жұмысы 2024 жылы (2-емхана) аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 2 аурухананы жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталады. 2023 жылы 27 МСАК объектісін, 2024 жылы 11 объектіні салу көзделген.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...