Госпиталіміздегі ардақты ардагерлерімізге алмадан сый ұсынылды

Алматының алмасы — қырдың қызыл гүліндей…
Алма жемісінің айрықша пайдасы мен құндылығын ұлықтау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Alma fest-2023» фестивалі өтті. Фестивальге Алматы облысының 4 ауданнан барлығы 25 бау бақша серіктестігі қатысты. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, фестивальге облыс тарапынан 10 алма түрінен тұратын 80 тонна жеміс әкелінген.
Алатаудың төріне жеткізілген сыйдың бір бөлігін «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің» ұжымы дәрігерлер мен жасы үлкен ата-әжелерімізге табыстады.
Госпиталімізде ем-дом қабылдап жатқан құрметті ардагерлерімізге әсем алма-сыйдың ұсынылуы бекер емес.
Алма жемісі – бау-бақшасы жайнаған өлкеміздің асыл тәжі іспеттес баға жетпес байлық, ең алғаш Алатаудың әсем бөктерінен әлемнің түкпір-түкпіріне тараған тіршілік тағамы. Ал, ардагерлер көңілінде, сөзсіз, жастық шақтың жұпар исі, өткен мен бүгіннің естелігіне айналған көркем құндылық, денсаулыққа пайдалы дәрумендер жиынтығы.
Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналым жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ алма ма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің шырайын ашып, жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.
Әрбір шаңырақтың шаттығы алма жемісімен ажарлана берсін, ағайын! Ардагерлеріміздің денсаулығы мықты, көңілдері көркем болсын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...