Генерал Серік Күдебаевтың үкімі төртінші рет кейінге шегерілді

Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.

Талдықорған қалалық соты Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен төртінші рет кейінге шегерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын. Алайда кейін генерал-майор Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Одан кейінгі сот отырысы 16 наурызға белгіленді. Осыдан кейін үкім тағы 2 рет — 20 және 27 наурызға шегерілді. Бүгін сот отырысының қайта болмайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...