Гендерлік теңдіктің маңыздылығы


Бәрімізге белгілі қазіргі таңда әйел құқығы жайлы мәселе қоғам үшін ауқымды түйткілдердің бірі болып табылады. Әйелдің теңдігі, қоғамдағы рөлі толық деңгейде айқындалып келеді. Ермен тең дәрежеде еңбек етуге  басқаруға да, өз үлесін қоғамға қосуға мүмкіндігі бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын отбасындағы қысым көрсетушіден құтқару үшін түрлі әдістер насихатталуда.
Мэри Уолстонкрафт өзінің 1792 жылы жарыққа шыққан «Әйел құқығын дәлелдеу саяси және моральдық тақырыптарға қатысты қатаңдықтар» атты енбегінде әйел құқығын қорғау мәселесіне қатысты ойлармен бөліскен болатын. Бұл еңбек феминистік философияның ең алғашқы туындылары. Автор әйелдердің білім алуына қажеттілік жоқ деген сол замандағы пікір иелерімен полемикаға  түсіп, әйелдер бала тәрбиесінің ұйытқысы болғандықтан ең әуел жан-жақты білім алу қажет және ерлермен бірдей құқыққа ие болуы тиіс екенін жазды. Қазіргі таңда әйелдер қорғау мәселесі халықаралық деңгейде ресми құжаттармен бекітіліп мойындалған.
Қазақстанда әйел құқықтарын қамтамасыз ету, гендерлік теңдік саясатын іске асыру бағытында қырауыр жұмыстар атқарылуда. Оның нәтижесінде де қоғамдағы түрлі салаларда көрініс алуда және бұл үрдіс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек.
Ер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету қажет. Олардың ішінде: әйелдік кәсіпкерлікті дамыту, материалдық активтерге (жер мүлік, кәсіпорындар) ие әйелдердің үлесін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, әйелдердің құқықтарын сақталуын қамтамасыз ету.
 
А.Мамаева,Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы

Правовые основы формирования циркулярной экономики

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби организовал международную научно-практическую конференцию...

Циркулярлық экономиканы қалыптастырудың құқықтық негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кеден, қаржы және экологиялық...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...