Гендерлік саясат

Гендерлік саясат — бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларында (саясат, экономика, білім, мәдениет) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Гендерлік саясат-қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Мемлекетімізде гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізі функциясы- отбасына, әйелдер мен ерлердің теңгіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» деп аталатын кешенді мемлекеттік саясатты жүйелі түрде іске асыру. Ер адамдардың гендерлік жағдайдағы еркіндігі әкелердің бала тәрбиесіне аз қатысуына әкеліп соғады. Баланы асырау үшін алимент төлеуде де мәселе тудырады. Гендерлік теңдік деңгейі жоғарылаған сайын, отбасы мүшелерінің әрқайсысының тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі тепе-теңдігі де жоғары болатынын түсінуге тиіспіз. Гендерлік саясат дегенде адамдардың түсінігі әр түрлі. Гендерлік саясат дегеніміз әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу, ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру. Гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы ұлттық және халықаралық тәжірибені, әлем қауымдастығы елдерінің өркениеттік, діни және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты және мұқият ескеруге негізделген ұлттық келісімі мен бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.

С.Толесбаева, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот Әкімшісінің басшысының орынбасары 

«Қазақстан» РТРК 2026 жылғы жаңа жобаларын ұсынады

«Қазақстан» РТРК жаңа маусымға арналған мазмұнды телевизиялық және радио...

Алматинский горный кластер останется доступным для местных жителей

Глава Kazakh Tourism Development Ержан Еркинбаев заявил, что развитие...

Әр минут маңызды: интервенциялық кардиология жүректі қалай сақтайды

16 қыркүйекте бүкіл әлемде Халықаралық интервенциялық кардиология күні атап...