«Қазақстан» РТРК 2026 жылғы жаңа жобаларын ұсынады

«Қазақстан» РТРК жаңа маусымға арналған мазмұнды телевизиялық және радио жобалар топтамасын әзірлеуде.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы жаңа телевизиялық маусымда көрермен сұранысына сай қоғамдық маңызы бар бірқатар жаңа жоба ұсынады.

Телеарна ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани, танымдық-ағартушылық және сазды-шығармашылық бағыттарды қамтымақ. Эфирде «Prime Era», «Qazaq creative», «Ізгілік формуласы» және «Таза сана» бағдарламалары жалғасын табады.

Жаңа жобалар қатарында прогрессивті ұлт мінезін қалыптастыруға шақыратын  «Жасампаз ұлт», халықтың әл-ауқаты, өңірлердің дамуы, жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуы және елдің болашақ әлеуетін көрсетуге арналған «Қарқынды құрылыс», заң шығару үдерісіндегі мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіретін «Құрылтай», еліміздегі маңызды реформалар, мемлекеттік бастамалардың мәні мен қоғамға ықпалын кең аудиторияға жаңа стильде жеткізуге бағытталған «Қазақстан антологиясы», мемлекеттік бағдарламалар мен азаматтарды қолдау шараларына арналған «Жауапты мемлекет» және Қазақстанның дамуына әртүрлі этнос өкілдерінің қосқан үлесін баяндайтын «Бір елдің перзенттері» жобалары бар.

20 жылдық үзілістен кейін экранға талантты жастарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін аты аңызға айналған «SuperStar KZ» байқауы қайта оралды және жоба жыл соңына дейін жалғасады.

2026 жылы «Qazaqstan» телеарнасы көрермен назарына 7 жаңа отандық телехикая ұсынады. Сюжеттер медицина, цифрлық қауіпсіздік, заң үстемдігі, еңбек, кәсіпкерлік, отбасылық құндылықтар және экологиялық мәдениет тақырыптарын қамтиды.

Солардың бірі – «Селт еткен сезім» телехикаясы. Қазақстанда отандық телехикая түсірілімі алғаш рет бірден 7 өңірді қамтиды. Түсірілім жұмыстары Сыр өңірінен бөлек, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында жалғасады. Туынды арқылы ішкі туризмді дамыту, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаларын насихаттау, сондай-ақ ел өңірлерінің табиғаты мен ерекшелігін кеңінен таныту көзделген.

Жаңа телехикаялар қатарында:

  • «Донор» – донорлық, дәрігерлер еңбегі және адам өмірінің құндылығы туралы;
  •  «Киберқалқан» – киберсиндикатқа қарсы күрес туралы детектив;
  • «Адвокат Айсұлу» – сот төрелігі, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтар туралы;
  • «Кен жолы» – төтенше жағдайға тап болған шахтерлар мен құтқарушылардың тағдырын баяндайтын хикая;
  • «Гүлдала» – туған ауылын қайта түлетуге атсалысқан ауыл тұрғынының оқиғасы;
  • «Жоғалған есім» – биологиялық ата-анасын іздеген отбасының тарихы мен өткеннің жасырын сырлары туралы.

Сонымен қатар телеарна деректі фильмдер циклін дайындауда. Олардың қатарында жасанды интеллект көмегімен жасалған Алтын Орданың тарихы мен мұрасын баяндайтын «Алтын Орда», Үстірттің сирек кездесетін жануары – арқар туралы «Үстірт арқары», Алтайдан Анадолыға дейінгі ұлы Тұран кеңістігіндегі бауырлас елдердің генетикалық жадысын ою-өрнек призмасы арқылы баяндайтын «Ою», Жайық, Сырдария және Ертіс өзендеріне арналған «Өзен жағалап…» және Сиверс алмасының жабайы түрі және оның бірегей генетикалық қорын сақтау мәселесін көтеретін «Соңғы алма» сияқты бас-аяғы 18 деректі фильм бар.

Алматинский горный кластер останется доступным для местных жителей

Глава Kazakh Tourism Development Ержан Еркинбаев заявил, что развитие...

Әр минут маңызды: интервенциялық кардиология жүректі қалай сақтайды

16 қыркүйекте бүкіл әлемде Халықаралық интервенциялық кардиология күні атап...

Когда счет идет на минуты: как интервенционная кардиология спасает сердце

16 сентября во всем мире отмечается Международный день интервенционной...

СЕКРЕТАРЬ СУДЕБНОГО ЗАСЕДАНИЯ — ВАЖНАЯ СОСТАВЛЯЮЩАЯ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ПРАВОСУДИЯ

Судебный процесс — это сложная и ответственная деятельность, в...