Бөлім қызметкерлері өз ұжымдастарының отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Мереке қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ депвртаментінің №60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы мен мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Алтынбек Гүлмира және бөлім қызметкерлері өз ұжымдастарының отбасына да мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мекеме бастығы мен ұжымдастарының бұл әрекетіне риза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері шексіз ризашылықтарын білдірді.
“Отбасымызды құттықтап мекеме бастығының өзі келіп, аяз ата мен ақшақар балаларымызға сыйлық әкелгенінің өзі №60 мекеме ұжымының ұйымшылдығын көрсетеді. Кеше мерекелік шара ұйымдастырып, “Офицердің анасы” төсбелгісін тақса, бүгін шөберелерімді қуантып жатыр. Балабақшада жаттаған тақпақтары мен өлеңдерін айтып мәз болған шөберелеріммен бірге мен де балаша қуанып қалдым. Бұл құрметтеріңізге ризамын. Немеремнің қиын сала болса да, осындай сыйластығы мол ұжымда еңбек етіп жатқанын мақтан тұтамын”,- деді мекеменің Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор психологы Орынбаев Айбек Нұрғисаұлының әжесі Шегебаева Тынышкүл.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...