Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген сотталғандарды мекенжай бойынша айдауылданды

Қазақстан Республикасының Президенті 2023 жылғы 17 наурызда Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2023 жылғы 19 мамырда қолданысқа енгізіледі.

Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмысытық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 46-бабына енгізілген түзетулер бас бостандығынан айыруға сотталғандарды орналастыруда қағидатты жаңа тұжырымдаманы іске асырады.

№3 мекемеде бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген сотталғандар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне оң сипаттағы сотталғандарды қоныстандыру колониясына жіберу туралы 23 сотталушы жүгінді.

Қазіргі уақытта сотталғандарды қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне ауыстыру үшін 18 нұсқау келіп түсті, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандарды ұстауға арналған мекемелерге ауыстырылды.Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...