Бүгін — мемлекеттік рәміздер күні

Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән Менің Қазақстаным жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары — Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік рәміздер күнін қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді. Әнұран шырқап, рәміздердің тарихына, оның авторларына көз жүгіртіп, дәріптейді.

Осы орайда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеушілер алаңға жиналып, мемлекеттік әнұранды шырқады.

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Ал, бүгін жаза мерзімін өтеуші азаматтардың бойындағы патриоттық сезімді жоғалтпас үшін барлық жазасын өтеп жатқандарды бір аймаққа жинап, әнұран шарқап, мемлекеттік рәміздерге қысқаша жолу жасадық,-деді мекеменің тәрбие бөлімінің басшысы Мағжан Әбдімажитов.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ МОДЕЛІ: ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Дмитрий Михайлович Әділетті сот –...

Еңбек кодексі заман сұранысына сай келеді 

Елімізде еңбек қатынастарын жан-жақты әрі толық реттеген ҚР Еңбек...

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...