Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын жауады (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-батысында, батысында-шаңды дауыл тұрады.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.