12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бүгінгі күннің батыры: Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын аман алып қалды

24 қараша күні Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Марат Сұлтанғазиев өзінің әрекетімен ауыр оқиғаның алдын алған жас батырды құттықтады. 22 қарашада мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды.
Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген.
№24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқитын кейіпкеріміз Ақжол — мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, сыныптастары мен кіші балаларға көмектесуге әрқашан дайын. Ақжол ортасымен тез тіл табысатын, ашық бала.
Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы Ақжол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.
«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз», — деді Алматы облысының әкімі.
Сондай-ақ Сұлтанғазиев бұл іс ерлік пен батылдықтың, жауапты істің үлгісі екенін атап өтті.
Ақжол «нағыз батыр», шынында да жақсы ата-ананың жақсы бала тәрбиелейтінін дәлелдеді.

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...