Бірнеше баппен айыпталған азамат заңды некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде бірнеше баппен күдікті деп танылған азамат өзінен алты жас үлкен азаматшамен заңды некеге тұрды. Қырық жастағы азамат ҚР ҚК 194-б 4-бөлігінің 1- тармағы, 262 баптың 1-бөлігі, 297-б аптың 4-бөлігі және 266 баптың 1-бөлігі бойынша күдікті деп танылуда.

Бүгінгі таңда бұл азаматтың жасаған қылмыстары бойынша ісі тергеуде. Сот үкімі шықса, бірнеше жылдарын темірторда өткізетіні анық. Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған сүйіктім, басыма іс түскенде тастап кетпей, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, хал-жағдайымды біліп кетеді. Маған оның адалдығы ұнады. Сондықтан жас алшақтығына қарамай ара-қатынасымызды заңдастыру мақсатында өтініш жаздық.

Мекеме заңгері Б.Абдразақтың ықпалымен неке куәлігін алдық. «Енді сотталып кеткен күнде кездесуге келіп тұрамын» дейді сүйіктім. Алдыңғы некеде бақытты бола алмадым. Ақша аз табасың деп тастап кетті. Соған ызаланып, бай болсам дедім. Оңай жолмен ақша тауып, қылмыс жасадым. Енді міне, заң алдында жауап беруге тура келеді.Бірнеше жылдар темірторда отырамын. Бірақ қиын шақта қолдап, менімен бас құрауға келіскен жан бар. Бұл некеге маған үміт сыйлайды – дейді айыпталушы.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...