12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім саласын цифрландыру 

Қазір Қазақстанның алдында әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу міндеті тұрғанда сандық технологияларды дамытуды қоса алғанда, түрлі салаларда халықаралық стандарттарға сай болу маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында цифрландыруды жүйелі мәселелерді шешу жолдарының бірі ретінде көрсетті. Біздің еліміз еуразиялық аймақтың үлкен бөлігінде орталық цифрлық хабқа айналуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін кадрлық әлеуетпен жұмысты да күшейту қажет. Сондықтан да білім саласын цифрландыру тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып отыр.

Цифрлық технологиялар адамдарды барлық жағынан қамтиды: олар кез келген заманауи үйде, мекемеде, кәсіпорындарда, зауыттарда, ауруханаларда, мектептерде және университеттерде бар. Олар толықтырылған (қосымша)  және виртуалды шындықты жасау үшін, робототехникада, 3D басып шығару үшін, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер және ауыл шаруашылығы салаларында қолданылады. Цифрландыру қазірдің өзінде білім беру, денсаулық сақтау, ірі автоматтандырылған өндіріс, қаржылық операциялар және т.с.с. салаларда кеңінен қолданылуда.

Білім беру жүйесіндегі ақпараттандыруды дамыту, білім беруді басқару процестерін автоматтандыру, IT мамандарын даярлау – осы үш «тұғыр» негізінде еліміз дамитын болады. Сондықтан да соңғы жылдары цифрлық білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Білім берудегі цифрландыру – бұл электронды оқыту жүйесіне көшу. Нұсқаулықтар, жаттығулар дәптері, журналдар мен күнделіктер сияқты оқу материалдары онлайн режимінде қолжетімді бола бастады.

КІТАПТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ КӨЗІ

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысын өткізіп, білім беруді дамыту саласындағы еліміздің алдында тұрған міндеттерін атап көрсетті. Ол білім алу үшін қалыпты жағдай жасау мемлекеттің ең маңызды міндеті екенін атап өтті.

— Балалар оқу құралдары салынған үлкен және ауыр рюкзактарды алып жүруге мәжбүр, осыған байланысты шағымдар да көп түсуде. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіруді жеделдету қажет деп санаймын. Жалпы, біз бүкіл оқу үдерісін барынша цифрландыру туралы айтып отырмыз», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында.

Ал бүгінде «ауыр рюкзактар» мәселесін шешудің кешенді шарасы ретінде, сондай-ақ мектептердегі цифрландыру деңгейін арттыру үшін планшеттерді пайдалану ұсынылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

— Біздің ұсынысымыз – биылғы жылы сервистік үлгі механизмі арқылы 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушыларын планшеттермен қамтамасыз ету. Біріншіден, сервистік үлгіні пайдаланған кезде, тікелей сатып алудан айырмашылығы, келісімшарт сомасын төрт жылға бөлу арқылы бюджетке түсетін біржолғы жүктеме төмендейді, бұл кезеңде оқушы бастауыш сыныптарды аяқтайды. Бұл модельді байланыс операторлары телефондар мен планшеттерді халыққа және бизнеске сату кезінде белсенді түрде қолдануда. Екіншіден, оның айтуынша, сервистік модель аясында планшеттерді жалға беру қызметтерінен бөлек, мектеп оқушыларын арнайы тарифпен мобильді интернетпен қамтамасыз ету қызметтері сатып алынады, сондай-ақ планшеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сервистік қызмет көрсетіледі. Үшіншіден, рұқсат етілген онлайн ресурстар тізімін жаңарту үшін планшетке қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігі де маңызды фактор болып табылады. Ең бастысы, шетелдік өндіріске тәуелділікті азайту үшін бұл механизм тек отандық өндірушілерге ғана қолжетімді болады, — дейді Бағдат Мусин.

Сонымен бірге, берілетін электронды планшеттер мектеп оқушыларына білім алу үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Бұған дейін Абай облысындағы мектеп оқушыларының ата-аналары оқушылардың сандық білім беру ресурстарына, электронды күнделіктерге, білім беру платформаларына, әсіресе, ауылдық жерлерде тең қолжетімділігі және ауыр рюкзактардың салдарынан балаларға түсетін физикалық ауыртпашылық туралы мәселе көтерген болатын. Енді баспадан шыққан оқулықтармен бірге әр оқушыға планшет те беріледі. Осылайша, балалар мектепте цифрлық сабақтарға, тренажерларға, тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады және басып шығарылған оқулықтарды пайдаланып, оларды сол жерде қалдыра алады, ал үй тапсырмаларын орындау және қосымша оқу үшін электронды құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі бар.

Айта кететін жәйт, электронды ресурстар Қазақстанда, оның ішінде Абай облысында бұрыннан қолданылып келеді. Мысалы, қойылған бағалар мен үй тапсырмасы көрсетілетін цифрлық портал. Басқаша айтқанда, оқушы күнделігі. Бұл қосымша, ең алдымен, оқушының оқу процесін бақылауға, сондай-ақ үйге қандай тапсырмалар берілгенін білуге ​​мүмкіндік береді.

— Менің ұлым жеті жаста, үшінші сыныпта оқиды. Әрине, кейде күнделігіне үй тапсырмасын жазуды ұмытып кетеді. Қандай тапсырма берілгенін білу үшін жай ғана порталға кіруге болады. Бұл мен үшін ыңғайлы, себебі бақылау жұмыстарының нәтижелерін телефон арқылы біле аламын. Мұғалімдердің ұялы телефондары порталда ілініп тұр, біз хабарласып тұрамыз», – дейді Семей қаласының тұрғыны Әсел Құсайынова.

Мұғалімдер үшін де цифрлық порталдар қолайлы. Баға бірден жазылады және де бірден көрсетіледі.

— Бағаны күнделікке бірден енгізу керек, сондықтан білім алушының бағасы автоматты түрде есептеледі. Сонымен қатар, біз бірден үй тапсырмасын жазамыз. Бұл, айтқандай, біздің оқушылардың адалдығын анықтайды. Электронды күнделіктің арқасында өткен тақырыпты сұрағанда барлық сабақтар өз орнында болатыны бізді қуантады», — дейді Семей қаласындағы №7 мектептің математика пәнінің мұғалімі Татьяна Тетеря.

Қожабаева Аружан

медиажурналистика 4 курс

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...