12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім мен ғылымның қара шаңырағы — Қазұу!

1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі және болашақ ұрпаққа сапалы білім беру үшін тамаша академиялық базаға ие. 1934 жылы негізі қаланған университет отандық ғылым мен техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып, сонымен бірге мемлекетіміздің дамуында тірек, бағдар бола білді.  Университетте мықты білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Университетте Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың бірі бар.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Орталық Азиядағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналады.  ҚазҰУ жас ғалымдарға жақсы жабдықталған жатақхана ұсынатын студенттік қала саналады.  Университетте 5000-нан астам студентті қабылдай алатын 14 үлкен жатахана орналасқан.  Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам профессорлар, ғылым докторлары, философия кандидаттары мен докторлары, 100-ден астам ірі  академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік сыйлықтың иегерлері бар.Университет керемет және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады.  Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылыми және оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.  Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессорлық-оқытушылық және әкімшілік қызметкерлеріне халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі ұйымдарға шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. Оқу ғимараттары Алматының экологиялық таза және гүлденген аймағында орналасқан.  Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. Университтің мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

      ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде бой көрсетуде.Қара шаңырақ түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруда.

Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде.Күннен-күнге қарыштап дамыған білім саласынан қара шаңырақ кенде емес,оқытушылар әрдайым ізденіс үстінде.

Мырзатаев Н.Д

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

 Атаханова С.К

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының қауымдасқан профессоры

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...