12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім мен ғылымның ордасы

  1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі және болашақ ұрпаққа сапалы білім беру үшін тамаша академиялық базаға ие. 90 жылдық тарихы бар университет отандық ғылым мен техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып, сонымен бірге мемлекетіміздің дамуында тірек, бағдар бола білді.  Университетте мықты білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар.  

  «ҚазҰУ халықаралық QS рейтингінде 230-орында. QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы сатыда. 90 жылдық тарихы бар университетте 3354 оқытушы-профессор табысты еңбек етуде. Оның ішінде 11 ҚР ҰҒА  академигі, ҚР Жоғары мектебінің үш академигі, Жоғары мектебі Ғылым академиясының  сегіз академигі, жеті ҰҒА корреспондент-мүшесі бар. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD жұмыс істейді. 2023-2024  оқу жылына 10 719 талапкер қабылданып, білім алушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3000 ға артты. ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.ҚазҰУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхиты аймағындағы 650-ден астам жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. 80-нен астам әріптестік байланыс өткен жылы орнатылды. Әлемнің 54 елінен 3928 шетелдік студент білім алуда.  2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің  филиалын ашу туралы келісілді. 12 қазанда филиалдың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалық сыныптар іске кірісті. 

   Университтің мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.Қазіргі таңда сапалы білім беру жолында заң факультетінің кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы аянбай еңбек етуде.Тұрақты даму мақсаттары мен «90 жыл-90 іс-шара» мерейтой шеңберінде кафедрамызда түрлі акциялар,спорт жарыстары,дөңгелек үстелдер,пікірсайыстар т.б өтуде. Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде. ҚазҰУ — сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы. ҚазҰУ — талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. ҚазҰУ — студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Мұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамытуға толық жағдай жасалған. Күннен-күнге қарыштап дамыған білім саласынан қара шаңырақтың жетер биігі алда деп ойлаймын.

Куаналиева Г.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі,з.ғ.д.,профессор

Яо Хуйлин

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....