12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Білімді мыңды жығар…

Кез келген ел ғылым, білім арқылы дамиды, яғни тәуелсіздіктің тұғыры – ғылым, білім, тәрбие. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы  жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.  Жобаны әзірлеу барысында қоғам өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқыланып, барлық мүдделі мемлекеттік органмен пысықталғаны бәрімізге белгілі.Ұлттық жоба бес міндеттен құралған төрт бағыттан тұрады. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделін арттыру мақсатында жасалған.

Білім – ХХІ ғасырда негізгі капиталға айналды. Әлемнің дамыған елдері осы құндылыққа үлкен мән беріп, білім сапасына бұрынғыдан да жоғары деңгейде көңіл бөле бастағанын байқаймыз. Себебі сапалы білім – экономиканың дұрыс қалыптасуына, қоғамның кемелденуіне, елдің дамуына кең жол ­ашады.

БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 4-мақсат: «Барлығына сапалы білім» екенін алға тартқым келеді.

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымы білім беру жүйесінің экономикалық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге мейлінше бейім болуын талап етеді. Әлем қазір «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технология­лардың заманауи талаптарға сай ­дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп ­отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсіл, әдістеме, технологиялар білім беру талаптарына байланыс­ты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дә­режеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндігін пайдаланады. Сол мүмкіндікті нәтижелі қолдану оқытушылардың біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Осы жайттарды ескере отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде.  Заңғар жазушы М.Әуезов  «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін білім»деп қоғам өміріндегі білімнің орнын айқындаған,Расымен де,рухани мәдени саланың нығаюына,адамдық қасиеттің жоғарлауына,осының арқасында елдің алға өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалуда.

А.А.Базилова

М.Т.Досумбекова

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Ғылым ордасында жоғары білім және ғылым саласындағы сыйлықтар...

Қалалық коалиция Алматының барлық ауданында жүйелі түсіндіру жұмыстарына кіріседі

2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында Жаңа Конституция жобасын қолдау...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы...

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ЖҮЙЕНІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен,...