25 ақпан 2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасында «Қаржы құқығы» Білім беру бағдарламасының 4-курс студенті, Түркістан OPEN Para-G-1 2023 ж. халықаралық турнирінің чемпионы (Стамбул, Түркия) Гариполлаев Алишерге – құрмет көрсетілді.
Заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Д. Л. Байдельдинов салтанатты рәсімді ашып сөз сөйледі. Заң факультеті үшін осындай игі шараға «Кеден, қаржы және экологиялық құқық», «Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ студенттер мен магистранттар қатысып Әлішерді жеңісімен құттықтап, 2024 жылғы Олимпиададан жеңіспен келуді тіледі.
Гариполлаев Алишер Қанатбекұлы 2002 жылы 1 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. Туған кезде оған оң қолының туа біткен аномалиясы диагнозы қойылды, содан кейін бала кезінен мүгедек туралы анықтама берілді. Әлішер 2008 жылдан 2019 жылға дейін ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған техникалық гимназияда оқыды. 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетіне оқуға түсті. Әлишер 2020 жылдан бастап пара-таэквондомен айналыса бастады. Табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында ол қысқа мерзімде спортта үлкен жетістіктерге жетті.
Гариполлаев Алишер Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2021 жылғы Спартакиада чемпионы, 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия пара ойындарының іріктеу турнирінің чемпионы (Шарджа, БАӘ), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хошимин, Вьетнам), 2023 жылғы Қазақстан Кубогының чемпионы.
Гариполлаев Алишер оқу мен спортты сәтті үйлестіре отырып, пара-таэквондодан жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда біздің университеттің намысын қорғайды. Біз студентімізді мақтан тұтамыз!
Ережепқызы Роза
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының, заң факультетінің аға оқытушысы