Бос жұмыс орны жәрмеңкесі

Сотталғандардың қайта қылмыс жасауының бірден-бір себебі сотталғандардың жұмыссыздығы. Алатау ауданының әкімі, аудандық прокурор және пробация қызметі бөлімімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Іс-шара Медеу ауданында өтті. Іс-шара өткізілетін алаңға шатырлар орнатылып, музыка аппаратурасымен қамтамасыздандырылып, банерлермен безендірілді. Сондай –ақ жәрмеңкеге бұқаралық ақпарат құралдары шақыртылды. Іс-шара кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі белгіленді.Жәрмеңкеге аудандық құрлыс компаниялары мен қаланы тазарту мекемелерінің өкілдері шақыртылып, олар әр сотталғанмен жеке –дара сұхбат жүргізді. Сұхбат кезінде олардың білім деңгейі, тұрғылықты жері, қай баппен сотталғандығы ескертіліп, оларға жұмыс қарастырылды. Осы іс-шара барысында 10 сотталған жұмыспен қамтамасыз етілуге жолдама алды.

Алматы қаласы Алатау аудандық

ПҚБ-нің инспекторы

әділет капитаны

 Ғ.Қ.Бодауғалиев

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...