Ағымдағы жылдың 19 маусымында Астана қаласы бойынша ҚАЖД ӨҚТ қызметкерлері Аршалы ауданының прокуроры Т.Оспановпен бірлесіп Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінің жеке құрамына «Бостандығынан айыру орындарында азаптауды қолданудың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізді, сонымен қатар жеке құрам назарына Қазақстан Республикасы ІІМ «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрес, заңдылықтың және тәртіптің жағдайы туралы» және « қылмыстық – атқару жүйесі бөлімшелерінің қызметкерлерімен автокөлік тәртібін ұстану бойынша жұмысының жағдайы туралы» шолулары жеткізілді.
Жиналыста, жемқорлықпен күрес мемлекетеміздің басты мәселесі екені айтылды. Жемқорлық, ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей зиян келтіреді және мемлекет пәрмені деген сенімділікті жояды.


