Болат Назарбаевқа қарасты жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Болат Назарбаевқа қарасты Қордай ауданындағы жерлер мемлекетке қайтарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілері бойынша, Б.Н. Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілді.

Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап берген.

«Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды».

Сот қаулысы былтыр 28 желтоқсанда заңды күшіне енді, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады