12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – НЕГІЗГІ ФАКТОР

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының делегаттары үшін панельдік пікірталастар өтті. Панельдік пікірталас жұмысына Президент Әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, діни бірлестіктердің төрағалары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.

Панельдік пікірталастардың жұмысын ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары А. Балаева ашты. А.Балаева өз сөзінде реформаларға ерекше назар аударып, оларды табысты іске асырудағы Ассамблеяның ерекше рөлін атап өтті. «Бұл реформалардың жылдамдығы мен тиімділігі тікелей екі негізгі факторға байланысты екенін анық түсінеміз. Бірінші кезекте, бұл – елдегі берік бейбітшілік пен баянды тұрақтылық. Тұрақсыздық жағдайында табысты өркениетті ұлт құру мүмкін емес. Оң өзгерістердің екінші маңызды шарты – оларға азаматтық қоғамның белсенді қатысуы. Яғни, біз «еститін мемлекет» – бұл тек еститін мемлекеттік аппарат қана емес, сонымен қатар белсенді жұмыс істейтін азаматтық сектор деп айтамыз. Бұл жерде президенттік реформалардың ұзақ мерзімді әсері бар екенін және біздің мемлекетіміздің дамуы үшін түбегейлі жаңа негіз қалайтынын атап өту маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Ассамблея реформалар құндылықтарының басқа тасымалдаушыларымен қатар, өзгерістердің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады», – деп атап өтті А.Балаева. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары ҚХА құрылымдары 2022 жылы саяси реформаларды іске асыру шеңберінде үш мыңнан астам сараптамалық пікірталастар, диалог алаңдары, кездесулер, сондай-ақ, 35 ақпараттық науқан өткізгенін айтты. Ол сондай-ақ, саяси реформалардың кейбір қорытындыларын шығарды: «2021 жылдан бастап елде ауыл әкімдерін тікелей сайлау институты енгізілді. 2021–2022 жылдары ауыл сайлаушылары 1 300-ден астам әкімді тікелей сайлады. 2023–2024 жылдары 1037 ауылдық округте сайлау жоспарланған. Нәтижесінде «халық сайлаған» әкімдердің дербестігімен қатар азаматтар алдындағы жауапкершілігі мен есептілігі де артты. …Біз атқарушы биліктің тұрғындармен тығыз байланыста қалай жұмыс істей бастағанын көреміз». Сонымен қатар, А. Балаева Мәжіліс сайлауының қорытындысына назар аударып, онда біздің қоғамның түрлі салаларын ұсынатын алты партияның өкілдері мен бір мандатты округтер бойынша жеңімпаздар өткенін атап өтті. «Бұл – демократияландыруға және Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Біздің мақсатымыз – еліміздің тәуелсіздігін сақтау. Еліміздің тәуелсіздігі – барлық қазақстандықтардың құндылығы. Рухани бірлік пен құндылықтарды өзара құрметтеу негізінде ғана біз қоғамдық келісімге келеміз. Кез келген гүлденген мемлекет – бұл жалпы ымыраға келудің нәтижесі. Еліміздің Президенті айтқан «әртүрліліктегі бірлік» қағидатының мызғымас мәні дәл осы жерде жатыр. Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру үшін қоғамдық бақылауды күшейтуде Ассамблеяның әлеуеті зор», – деп түйіндеді сөзін А. Балаева. Саяси іс-шаралардың саны мен олардың еліміздің болашағы үшін маңыздылығы бойынша өткен жылдың тарихи реформалар жылы болғанын айтқан ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау өз сөзінде: «Қазақстанның жаңашыл тарихының барлық үдерістерінде ҚХА мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің елдің тұрақтылығы мен бірлігі жолында белсенді түрде үлес қосып, аса маңызды рөл атқарды», – деп ҚХА-ның рөлін атап өтті. «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының төрағасы Ахмед Мурадов Ассамблеяның қоғамдағы рөлін атай келе, оның атауын өзгертпеген жалғыз ұйым екенін және Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып қалғанына тоқталды. «Біз Президенттің құқықтық, әділ Қазақстанды құру жөніндегі міндеттерді іске асырудағы ұжымдық көмекшісіміз, олар қайдан шықса да, кез келген сын-тегеуріндерге қарсы тұра аламыз», деп өрбітті өз ойын. Елдің білім беру ұйымдарының көпұлтты екенін хабарлаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың әлемге деген көзқарасы, құндылық көзқарастары мен бағдарлары білім беру ұйымдарында қалыптасатынын, құрдастарының үлкен және кіші топтарында жеке қарым-қатынас тәжірибесі жинақталатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол баланың толерантты санасын қалыптастыруда отбасының орнын, бала үшін отбасындағы қарым-қатынастың, ата-аналар мен туыстар арасындағы өзара әрекеттесу стилінің баланың этносаралық толеранттылығының қалыптасуына айтарлықтай әсер ететінін атап өтті. Тұрақты позитивті және толерантты полиэтностық қоғамдастықты қалыптастыру үшін білім беру ұйымдарының өздері тұратын жердегі ҚХА-ның өңірлік құрылымдарымен және этномәдени бірлестіктермен тұрақты негізде ынтымақтасуы қажет деп санайтынын жеткізді. Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Юрий Шин өз сөзінде Қазақстан кәрістері қауымдастығының басты басымдығы Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу болып табылатынын атап өтті. Басты міндет – этносаралық қатынастар саласындағы қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. «Биыл біз «Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысы» республикалық форумын; «Akk Networking» республикалық форумын; «Коре ильбо» республикалық кәріс газетінің 100 жылдығы сияқты жалпыассамблеялық іс-шараларын өткіземіз», – деп қауымдастықтың қызметі мен алдағы жобаларына кеңінен тоқталды. Жиын барысында саяси реформаларды іске асырудағы және жалпы ұлттық бірлікті нығайтудағы келісім, толеранттылық атмосферасын қалыптастырудағы дәстүрлердің, мәдениет пен тәрбиенің, сондай-ақ, ҚХАның рөлі талқыланды. Сессия делегаттары пікірталастар мен талқылауға белсенді қатысты. Балалардың бойында рухани-адамгершілік, жалпы адамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыру, толеранттылықтың, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың мәдениетіне, патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ, балалардың әлеуметтік өзара іс-қимылға және оң этносаралық коммуникацияларға жеке, ерікті, дене және зияткерлік дайындығын қалыптастыру сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

А.АХМЕТОВА, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,