Бақылаушы сержант қыз

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ депортментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде қызмет атқарып, ер азаматтармен иық тірестіріп, бірге жұмыс жасап жүрген  бұрымды арулардың бірі де бірегейі  мекемеде бақылаушы қызметінде жұмыс атқарады. Қазіргі таңда тергеу мекемесінде ең көп сұранысқа ие-бақылаушы қызметі. Бұл қызметте жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің басым көпшілігі де жастар. Бүгінде мекемеде 88 бақылаушы болса, олардың көбі  30-ға толмаған тепсе темір үзетін жастар. Соның бірі, Режим және Күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Нұрзия Қыдырбекқызы. Бұл салаға келуіне мектеп қабырғасында оқып жүріп, алғашқы әскери дайындық пәнінің әсері мол болған.

Арманын жетілдіру мақсатында колледжде заң факультетін бітіріп, біліктілігін шыңдау үшін Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай акедемиясында оқып келген. Бүгінде мекемедегі  атқаратын қызметтік міндетім, бақылау пунктінде мекемеге кірген-шыққан  қызметкерлер мен келушілер (құзырлы орындардан келетіндер мен қамаудағылардың туыстары) жіті қадағалап, келу-кету журналына әрқайсысын жеке тіркеп отыру. Қызмет барысында сақтық пен қырағылық танытып жұмыс жасау қажет. Мекеменің әрбір бұрышында бейне бақылау камералары болса да, әр қызметкер өз міндетін жауапкершілікпен атқару керек. Мекемеге жұмысқа орналасар алдын қызметіме адал боламын деп ант қабылдап, қазіргі таңда қызмет барысында тек адалдықпен жұмыс жасап, шынайылықпен өмір сүруді жадыма сақтағанмын, — дейді РжКБ-нің кіші сержанты Нұрзия Қыдырбекқызы.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...