Бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша ашық сот отырысы өтті

Байқоңыр аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қайталанатын қылмыстардың алдын алу мақсатында бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша ашық сот отырысы өтті.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сотталған В.-ға қатысты ашық сот процесіне қатысу үшін үш сотталған шақырылды. Сот отырысында В.-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру мәселесі қаралды.

 Сотталған В. жазаны өтеу тәртібін бұзған фактілерін толықтай мойындады. Ол соттан оны бас бостандығынан айыруды емес, мүмкіндік беруді сұрады.  Алайда, сотталған жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғандықтан, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен сотталған В.-ға жазаның өтелмеген бөлігі 2 жыл 3 ай 20 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленді.

Сондай-ақ, шақырылған сотталғандармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қосымша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...