СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан университетімен бірлесіп өзара ынтымақтастық туралы, атап
айтқанда қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқа
мерзімді курстарды ұйымдастыру және өткізу туралы меморандумға қол
қойды.
Меморандум аясында № 48 мекемеде сотталғандар компьютерлік
сауаттылықтың практикалық курсы бойынша қашықтықтан оқыту
мүмкіндігіне ие болды.
Бес модульдік курстың жалпы ұзақтығы 36 сағатты құрады. Сабақтар
қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы өткізілді. Курсты
сәтті аяқтаған ерлер колониясының 20 сотталушысына сертификаттар
табысталды.
Бағдарламаға сәйкес, сотталғандар Microsoft Word, Microsoft Excel,
Microsoft Power Point, Goggle аккаунты, Microsoft Teams сияқты кеңсе
бағдарламаларында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игерді.
Ж.О.Шакиржанова, СҚО бойынша ҚАЖД СТжӘПЖБ
әділет подполковнигі


