«Бала бақыты бәрінен биік» атты мерекелік шара өтті

1 — маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде де аталып өтті.Мекеменің кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері балалары арасында «Бала бақыты бәрінен биік» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада балаларға мекеме қызметкерлері бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі. Сүп-сүйкімді бүлдіршіндер жарыса тақпақ, өлең айтып, монолог оқыды. Одан соң өз өнерлерін көрсетіп тас асфальтқа қиялындағы суреттерін салды.Көңіл күйлері көтеріңкі балақайлар мен спорттық ойын да ойнатылды.Балаларды екі командаға бөліп,»Доппен секіру»,»Кім жылдам» ойындары ойнатылып, балмұздақ таратылды.Екі сағатқа созылған мерекелік шара соңында өнерлі балалар мекеме бастығының мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар таратылды.

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, бала – біздің басты байлығымыз.
Бала – бақытты болу үшін жаралған. Бүгінгі мерекелік шарада мекеме қызметкерлерінің балаларына ерекше көңіл күй сыйлап, қуантуға тырыстық. Әлемдегі барлық бала балалық шақтың бал дәмін сезінсін, бақытты болсын деп тілейміз! «- деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...

Мемлекеттік тіл — сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына...

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі...