Балалар колониясында жаңа жылдық шара өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде жазасын өтеп жүрген кәмелетке толмаған сотталғандар арасында Жаңа жыл мерекесі атап өтілді.

Мерекелік шараға балаларға дайындаған таңғажайып нөмірлерге толы бағдарламасымен цирк әртістері шақыртылды. Шағын қойылымдар пластикалық этюд, фокустармен, маймыл және жыланмен бірге қойылған көріністерге толы болды. Қойылым арасында қызықты ойындар ойнатылып, флешмоб билері өтті.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары мен прокуроры, Алматы қалалық адвокаттар алқасының және ҚР Қызыл жарты ай қоғамдық қорының өкілдері балаларды құттықтау үшін арнайы келді. Қонақтар өз ұйымдарының атынан балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар, жемістер, үстел ойындары мен кітаптарды тарту етті.

«Биылғы Жаңа жыл шыршасы өте ерекше және әсерлі өтті. Өте көп сыйлықтар берді бізге. Біздің мекеме басшылығына және келген қонақтарға алғысымыз шексіз. Осындай сәттерде, осы қоғам бөлшегі екенімізді сезініп, әлі де Еліміздің дамуына таза еңбегімізбен үлес қосатынымызға сеніміміз артады»,- деп атап өтті жазасын өтеуші жасөспірім.

Іс-шара, Қылмыстық-атқару мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...