Балаларын асырауға алимент төлемейтін борышкер ата-аналарды ескерту мақсатында жария сот отырысын өткізді

Сот балаларын асырауға алимент төлемейтін борышкерлерді (ата-аналарды) ескерту мақсатында, жария сот отырысын өткізді.

Балаларды асырауға алимент төлеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін «М.» азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 139-бабы).

«М.», табыс көздері бола тұра, балаларға алимент төлемей, сот шешімін орындамаған. 2019 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде алимент бойынша оның берешегі 2 млн теңгеден асты.

Қылмыстық іс сотталушының кінәсін мойындаумен қысқартылған тәртіппен қаралды. Жазаны тағайындауда сот кінәлінің шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескерді.

Сот үкімімен «М.»-ға 1 жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды және жазасын өтеу мерзімі ішінде ол 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Сот отырысына шақырылған борышкер азаматтарға судья сот шешімін орындамау, алимент төлеуден жалтару немесе төлемеудің салдарын түсіндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 Ақмола облысының

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сот

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...