12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«БАЙТАҚ» КЕДЕЙЛІККЕ ҚАРСЫ

Парламент Мәжілісінің алдағы сайлауына дайындық қызуда. Байқап отырғанымыздай, бұл саяси дода біршама тартысты өтетін сияқты. Өйткені, депутаттыққа бір мандатпен ұсынылу мүмкіндігі, партиялардың тіркелуіне жасалып отырған жеңілдіктер сайлауға қатысып, бағын сынаушылар қатарын арттыруда. Бұл белгілі деңгейде демократиялық талаптардың нығая түсетіндігінен де үміттендіреді. Ең бастысы сайлау ешкімді бейтарап қалдырмайтындай.

Бүгінде халықтың ашық алаңына айналған әлеуметтік желілердегі әңгімелер оның бұрынғыдан өзгерек сипатын көрсетіп отыр. Осындай елең-алаңда, яғни сайлау дүбірі естілген кезде тұсауы кесіліп, саяси аренаға «Байтақ» жасылдар партиясы шыққан еді. Жетекшісі – қоғам қайраткері, Ұлттық Құрылтай мүшесі Азаматхан Әміртаев. О бастан-ақ сайлауға қатысу ниеті жазбай танылған ұйым өткен жұмада өзінің сайлауалды съезін өткізіп тастады. Оған барлық өңірлерден 200-ге жуық адам қатысты. Ұйымның алқалы жиында талқыланған тұғырнамасы мен бағдарламасынан түйгеніміз, «Байтақтың» мақсаты айқын, межесі биік. Нақты айтқанда, экологиялық тұрақты қоғам құрып, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдайды және жүзеге асырады. Сонымен қатар, байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздікті жоюға атсалыспақ ниеттері бар. Мұны партия көшбасшысы Әміртаев мырзаның жиын барысында айтқан сөзінен аңғардық. Оның айтуынша, бұған дейінгі Мәжіліс құрамында болған партиялар осы мәселелерді шешетін халыққа қажет заңдарды шығармады. – Қазір сайлауға түрлі саяси партиялар қатысуда, олар халық үшін не жасай алды? Ескі Мәжілісте бұл партиялар халықтың мүддесіне сай келмейтін заңдарды қолдады. Қазір Қазақстанда кедейлер мен байлар арасында өте үлкен теңсіздік мәселесі бар. Е

лімізде миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл елдегі еңбекке қабілетті халықтың 15 пайызын құрайды. Бұл тек ресми мәлімет бойынша, – деп еді ол. Шын мәнінде Қазақстанда аса бай және кедей азаматтар арасында алшақтық пайда болған. Теңсіздік жөніндегі дүниежүзілік деректер базасынан алынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Қазақстандағы ең көп табысы бар азаматтардың 1 пайызына барлық кірістердің 15 пайызы тиесілі болып отыр. Байлықты бөлудегі теңсіздік байлықта өмір сүретіндердің үлесіне байлықтың 30 пайызының, ал кедейлікте өмір сүретіндерге тек 5 пайызының тиіп отырғанымен тереңдей түсуде. Іс-шараға эстрада жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Қайрат Баекенов, сондай-ақ, «Жігіттер» тобының солистері қатысты. Ерекше атап өтерлігі – Семей полигонының ащы зардабын көрген жандардың бірі, қоғам қайраткері Кәріпбек Күйіков осы алаңнан табылды. Жиында Мәжілістің депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылатын кандидаттардың есімі де белгілі болды. Барлығы 18 адамнан тұратын бұл тізім бойынша әйелдерге 4, жастарға 1, мүгедектерге 2 квота тимек. Сонымен қатар, 1 мандатты округтер бойынша 4 адам ұсынылады. Олардың ішінде партия төрағасы Азаматхан Әміртайдың өзі де бар.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Ата Заң – әділдік пен тұрақтылық кепілі

Қазақ елінің ең маңызды заңды құжаты, мемлекеттің даму бағыттарын...

Үкімет жаңадан құрылған Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетеді

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл туралы Үкімет отырысында айтты. «Үкімет мүшелеріне...

Тағы 4 қатысушы Түркі елдерінің тау курорттары одағына қосыла алады.

2025 жылғы 11-13 шілде аралығында Шахдаг (Әзірбайжан) туристік орталығында...