«Байтақ» Жасылдар партиясы сайлау алдындағы съезде Мәжіліске кандидаттардың партиялық тізімін жариялайтын болады

Одан бөлек байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мәселесін көтермек.

Елімізде аса бай және кедей азаматтар арасында алшақтық пайда болды. Деректер базасынан алынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Қазақстандағы ең көп табысы бар ересек азаматтардың 1%-ы  барлық кірістердің 15% -ын құраған.

Осы тұста байлықты бөлу арқылы елдегі теңсіздік күшейе түсетіні анық. Өйткені халықтың ең бай пайызы байлықтың 30%-ын, ал кедейлікте өмір сүретіндер тек  5%-ын  құрайды. Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, осы әлеуметтік мәселені шешу ақпан айының  3-ші жұлдызында Astana Hub технопаркінде (ЭКСПО) өтетін партияның партиялық съезінде көтеріледі.

Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасын талқылау және дауыс беру өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.

Партия 2022 жылдың соңында экологиялық тұрақты қоғам құру мақсатында құрылды. Жасыл саясат қағидаттары: әлеуметтік әділеттілік, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдау және жүзеге асыру болып табылады.

Анықтама:

«Байтақ» жасылдар партиясы 2022 жылдың соңында экологиялық тұрақты қоғам құру, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында құрылды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...