Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр?

Ақмола облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған «Елікті парк» тау-шаңғы курортына қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Елікті парк» тау-шаңғы курорты тұтынушылардың денсаулығына қатысты, талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіргені бойынша, Ақмола облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен ҚР ҚКнің 306-бабының 3-бөлігі, 306-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен №231156031000001 СДТБТ-да тіркелген қылмыстық-іс қозғалғанын хабарлаймыз», — делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс негізгі сот талқылауында.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сұратылып отырған өзге де ақпаратты жария ету мүмкін емес, өйткені бұл тергеу мүдделеріне қайшы келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болуы мүмкін», — делінген ресми жауапта. 

Еске салайық, былтыр 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған. 

Сондай-ақ, кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы ажал құшқан курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады