12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақылы дария ардагер

Қазақта қадір тұтқан тұлғаны, үлгі еткен азаматты «Аға» деп ардақтайды. Бұл қасиетті сөз тек қана туыстықпен емес, тағдыр жолы қиысқан әріптестікпен де ұштасады. Сондай жанның бірі – сот жүйесінің ардагері, еліміздің сот саласының қарыштап дамуына сүбелі үлесін қосқан Темірбаев Қайыргелді туралы сөз қозғасам.

Қайыргелді аға 1954 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылдары  Қазалы аудандық сотында сот отырысының хатшысы болып бастап, 1996 жылға дейін Жаңақорған аудандық халық сотында сот орындаушы, аға сот орындаушы,  аға консультант, Қызылорда облыстық Әділет басқармасында бас консультант болып қызмет атқарған. 1996-2002 жыл Қызылорда облыстық сотының судьясы, 2002-2007 жылдары Сырдария аудандық сотының төрағасы болып қызмет атқарды.

Міне дәл сол жерде ағамен қызметтік жолым ұштасты. Сырдария аудандық сотына 2003 жылы жылы судья қызметіне келгенімде Қайыргелді ағаның еңбекқор, күрделі мәселені шешуге білек сыбана кірісетінін байқадым. Ол кезеңде сот істері автоматты емес қолма-қол бөлінетін. Бірыңғай ауыр санаттағы істер маған түсіп, «ағай мынау қалай болды?» — деген кезімде «Шынықсаң шымыр боласың. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрсең әдет болып қалады. Осы кезден ысылып, оқып-біліп ізденесің. Жан-жағың білімді адамды тез танып, біліп алады» — дейтін. Сол ақыл-кеңестің нәтижесі болар, осы дәрежеге жетіп, елмен тез аралас-құралас болдым.  

Адалдық пен тазалықты, әділдік пен парасаттылықты қызметтік міндеттен бұрын адамдық парыз деп санайтын. Өмірлік тәжірибесін, бар жиып-тергенін айналасындағылармен бөліскенді, ізінен ерген іні-қарындастарына жол көрсеткенді жаны сүйетін. Ұжымдық жиындарда әрқашан да алдыңа келген адамның ар-ожданы мен тағдыры тең тұру керек дейтін. Сондықтан болар әр ісінен әділдіктің иісі шығып тұратын.

Сонымен қатар ұжымдағы ахуалды күнделікті бақылып, әр қызметкердің бір-бірімен үйлесе жұмыс жасауына, ауызбіршілікте болуына ықпал жасап отыратын. Қызметтік немесе жеке мәселелерімен келген әр адамға жылы қабақ танытып, бірінші болып көмек қолын созуға дайын тұратын. Ұжымдағы әрбір жанның қуанышына да қайғысына да ортақтасып, ағайын-туғанынан бұрын басы-қасыда жүретін, мәселені оңымен шешуге тырысатын іскер басшы бола білді.

2007 жылы Сырдария аудандық сотынан кейін бірнеше аудандық соттарда төрағалық қызметкер атқарды. Ол уақытта да бізге ақыл-кеңесін аямады және Қайыргелді аға туралы қандай да бір сын сөздер есітіген емеспіз.

«Азамат жолы – ар жолы» — деп, Бауыржан атамыз айтқандай ағамыздың азаматтығы бір бөлек. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүретін ардақты ағамыз қазіргі таңда құрметті демаласына шықса да аймақтың, оның ішінде сот жүйесінің шараларына белсене араласып, қоғамдық жұмыстардан қол үзбей, кейінгі буын өкілдеріне ақылын аямай келеді. 

Бүгінде ұрпағы қанат жайған бір әулетке пана, елге ақылман дана, шәкірттеріне үлгі тұтар аға болып отырған Темірбаев Қайыргелді ағамызды Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығымен құттықтай отырып, деніне саулық тілеймін.

Тұрбаев Ермек Боранбайұлы

Қызылорда облыстық сотының судьясы,

әріптес інісі

Судейская династия: гордость и традиции 

Естай Султан, председатель Специализированного суда по административным правонарушениям г....

Меры процессуального принуждения в АППК 

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕГУЛИРУЕТ ВОПРОСЫ РАССМОТРЕНИЯ ОБРАЩЕНИЙ ГРАЖДАН И...

Стандартные ситуации и верные решения

ЮРИДИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ, ТРЕБУЮЩИЕ СВОЕВРЕМЕННОГО ОТВЕТА НА ТОТ ИЛИ ИНОЙ...

Наркоугрозы: нужен интегрированный подход 

ВСЕ БОЛЬШЕЕ ПОГРУЖЕНИЕ ОБЩЕСТВА В ЦИФРОВУЮ РЕАЛЬНОСТЬ СТИРАЕТ ГРАНИЦЫ...