Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі қалалық Дiн мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың мамандарымен бiрлесіп ұйымдастырған «Шахмат ойыны» спорттық iс-шарасына пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды қатыстырды.
Топ- топқа бөлінген сотталғандар шахмат жарысы ойынында барынша белсенділік танытты.
Пробация қызметкерлерінің айтуынша, іс-шараның мақсаты — сотталғандарды спортқа баули отырып, уақыттарын тиімді пайдалануға жұмсау және осы арқылы оларды қоғамға бейімдеу, тәрбиелеу болып табылады.


