Ақтөбе облысында пробация қызметкерлері жалғызбасты анаға көмек беріп, алғыс арқалады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Қарғалы аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен, пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған және сырқаты бар осы аудандағы жалғызбасты анаға қолкөмек берді.

Олар жалғызбасты ананың жаңбырлы күні су кіретін үйінің жарылып тұрған қабырғаларын сылап, әктеп, үйін жинастырып берді. Сонымен қатар, ауласындағы қоқыстарды тазалап, сыртқа шығарып, бау-бақшасын арам шөптерден тазартып, алғыс арқалады.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...