Ақтөбе облысында пробация есебіндегі қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандар ашық сот отырысына қатыстырылды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Л.М. –нің бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылуы себепті, бас бостандығынан шектеудің өтелмеген бөлігін, бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы сот процесі өтіп, оған пробация есебінде тұрған басқа да сотталғандар қатыстырылды.

«Сот процесіне басқа да сотталғандарды қатыстыру арқылы — сотталғандар үшін сот жүктеген міндеттер мен жаза өтеу тәртібін бұзудың, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылудың салдарын түсіндіру маңызды. Яғни, мұндай жұмыстар есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыстың алдын алудағы профилактикалық іс-шаралардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде дәлелді себептермен түсіндірудің пайдасы зор»,- дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Алтын Аққазиева.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...