Ақтөбе облысында пробациялық бақылаудан жалтарған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Тонау бабы бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Мұғалжар ауданының тұрғыны Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің есебіне 2022 жылдың шілде айында алынды.

Есепке қою кезінде Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметкерлері сотталған Б- ға сот жүктеген міндеттерді орындау, жаза өтеу тәртіптерін бұзбау және бақылаудан жасырынбау міндеттерін түсіндіріп, жаза өтеу тәртібін бұзған жағдайда жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жөнінде ескертеді. Алайда пробация қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспаған сотталған Б. сотпен жүктелген міндеттерді орындамайды: пробация қызметіне уақытылы белгіленуге келмейді, қасақана пробациялық бақылаудан жасырыну мақсатында тұрғылықты мекен-жайын тастап кетеді.

Пробациялық бақылаудан қасақана жалтарғаны анықталған есепте тұрған сотталғанға аудандық соттың қаулысымен іздеу жарияланып, 2023 жылдың қаңтар айында сотталған Б. бақылаудан жасырынған жерінен табылып, Полиция бөлімінің қызметкерлері және күзетпен ұсталды.

Жуырда Мұғалжар аудандық сот залында аталған сотталған Б.- ға қатысты ашық сот отырысы өтіп, оған пробация қызметінің есебінде тұрған басқа да сотталғандар «сабақ алу» мақсатында қатыстырылды. Ашық сот отырысында сотталған Б.-ның сотпен жүктеген міндеттерді орындамай бақылаудан қасақана жасырынғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...