Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесінің шаруашылық жасағында жазасын өтеп, бас бостандығынан айыру мерзімінің аяқталуымен босатылған сотталғанмен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы іс-шарасы өтті.
Түзеу мекемесінен босаған сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бағытында ұйымдастырылған аталған іс-шарада Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Жомарт Ансар Талғатұлы мекемеден босатылатын сотталғандарға «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасын», атап айтқанда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар әлеуметтік ақшалай көмек түрлері туралы толық түсіндірді.
Ал шара біткесін, мекеме әкімшілігі және шараға қатысушылар жазасын өтеп шыққан сотталғанды мекемеден босатып, қақпа алдында күтіп тұрған туыстарымен қауыштырды.
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы іс-шараның мақсаты — қылмыстық жазасын өтеп шыққан азаматтарды әлеуметтік сүйемелдеу, оларға қолдау көрсетіп, қоғамның толық мүшесі болуына ықпал ету»,- дейді №70 мекемесінің Арнайы контингент арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы әділет капитаны Айгерім Досмагамбетова.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы


