Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің жас қызметкерлерінің арасында кәсіби даярлық бойынша сабақтар өтті.
Кәсіби даярлық сабағында жас қызметкерлер өздеріне берілген тапсырмаларды, сондай-ақ бейімдеу жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау, тәртіпті, заңдылықты және нысанды киім киюді сақтау; әріптестерімен, азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынаста болуды үйренді. Бұл ретте жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдауды жүзеге асыру мақсатында жас мамандарға бағыт- бағдар көрсететін тәлімгерлер бекітілді.
Кәсіби даярлық сабағында мекеме қызметкерлеріне сонымен қатар, арнайы-тактикалық, атыс, дене-шынықтыру, өрт сөндіру-құтқару тәсілдері бойынша бағдарламаны және практикалық сабақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


