Ақтөбеде Қоғамдық бақылау комиссия мүшелері қоныс колониясын аралап, сотталғандармен кездесті

Ақтөбе облысының Қоғамдық бақылау комиссия мүшелері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесіне келіп, жазасын өтеуші сотталғандардың ұсталу жағдайларымен танысты.

Мекемеге келген Қоғамдық бақылау комиссия төрағасы Бақтұғұл Қанатов және Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі Самат Нұрбаев, сотталғандардың жатын орындарын және асхананы аралады. Сонымен қатар, жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ҚАК-нің 130,131 баптарына сәйкес тәртіптік изоляторда қамауда отырған сотталғандардың ұсталу жағдайларымен танысып, сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

«Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардың құқықтары мен мүдделерінің заң тұрғысында қамтамасыз етілуі. Яғни, осы тұрғыда өңірдегі Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мекемеге жиі келіп, жазасын өтеушілердің жағдайымен танысып, жеке- жеке әңгімелесулер өткізіп тұрады»,- дейді №9 мекемесінің Тәрбие бөлімінің бастығы әділет капитаны Арман Панабек.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...