12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде қоныс колониясында жазасын өтеуші сотталғандар Наурызда спорттық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 қоныс колониясының жазасын өтеуші сотталғандары Наурыз мейрамын тойлады.

Мерекелік іс- шараны ашқан №9 мекеме бастығы Абылайхан Құсайынов және ҚАЖ Департаментінің САӘПТЖ бас маманы Руслан Төлегенов, жазасын өтеуші сотталғандарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз күнімен құттықтап, отбасыларына тезірек оралуларына тілек білдірді.

Бұл күні №9 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандардың ұйымдастыруымен, «Көктем шуағы» атты концерттік бағдарлама қойылып, мерекеге қатысушы басқа да жазасын өтеушілерге наурыз көжеден ұсынылды.

Іс-шара жазасын өтеушілер арасында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және шағын футболмен жалғасын тауып, ойында белсенділік танытқан сотталғандар грамоталармен марапатталды.

«Іс- шараның мақсаты – мекемедегі сотталғандар арасында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, жанұяларынан жырақта жүрген жазасын өтеушілерге мерекелік көңіл- күй сыйлау болып табылады»,- дейді мекеменің АКАӘПТЖ бөлім бастығы әділет капитаны Арман Панабек.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай N°3 мекемесінде мерекелік іс-шара өтті

Қазақстан халкының бірлігі күні қарсаңында ҚР ІІМ ҚАЖД N°3...

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...