12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде қоныс колониясындағы сотталғандар медициналық тексерістен өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар медициналық тексерістен өтті. Қоныс колониясындағы сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді мақсат еткен профилактикалық іс-шара облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен іске асты.

Еске сала кетсек, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №622 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтар айынан бастап, Ақтөбе қаласындағы түзеу мекемелерін медициналық қамтамасыз ету белгілі бір қалалық емханалардың қарамағына өткен болатын. Осы орайда, №1 қалалық емханасының маман дәрігерлері №9 мекемесіндегі сотталғандарды профилактикалық медициналық тексеріп, скринингтік тексеруді жүзеге асырды. Медициналық тексеру кезінде дәрігер-терапевт, дәрігер эндокринолог, дәрігер-хирург операция жасаушы, дәрігер-невропатолог, дәрігер-отоларинголог, ревматолог, окулист, кардиолог, проктолог-уролог, дәрігер-дерматовенеролог, дәрігер-фтизиатр мамандар функционалдық диагностика және ультрадыбыстық зерттеу (ЭКГ аппарат, іш қуысы органдарының УДЗ) арқылы сотталғандарға профилактикалық медициналық тексерістер жүргізді.

«Еліміздің қымбат қазынасы адам, ал денсаулық оның кепілі». Осы орайда түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандардың денсаулықтарына аса зор мән беріледі.
Осы ретте қазіргі таңда №9 мекеме әкімшілігі мен №1 қалалық емхана мамандары өзара тығыз баланыстығы жұмыстарының нәтижелі қорытындысын көрсетіп келеді»,- дейді №1 қалалық емханасының МКҚК филиалы бойынша №9 мекемесінің медицина қызметкері Марал Мысырова.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...