Ақтөбеде қоныс колониясындағы жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне бағынысты №9 мекемесінде өңірдегі жеке кәсіпкерлер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) басшыларымен кездесу өтті.

Жиынға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Нурбек Кабдикаримов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Ернар Урекешов, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы әділет капитаны Гүлнар Избагамбетова және №9 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Абылайхан Құсайынов қатысты.

Мекемедегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының ұйымдастыруымен өткен басқосуда №9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ақылы жұмысқа орналастыру және бірінші кезекте сот үкімімен тағайындалған атқару парақтары бар сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Сонымен қатар, жұмыс орындарында қауіпсіздікті, яғни өрт техникасын қатаң сақтау және оларды тоқсан сайын таныстыру, нұсқама жүргізу жөнінде сұрақтар қарастырылып, талқыланды.

«Аталған іс-шараның мақсаты — №9 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту болып табылады»,- дейді №9 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Айғаным Жетмекова.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...