Ақтөбеде ҚАЖ қызметкері аудандарға іс-сапармен барды

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкері аудандарға іссапармен барып, мектеп оқушыларына Ш.Қабылбаев атындағы ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Академиясына оқуға түсуге үгіт- насихат жүргізді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесінің Кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Еламан Мамшай, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін Алға ауданында іссапармен болып, Алға аудандық пробация қызметінің қызметкері әділет капитаны Жәнібек Жақсыбаевпен бірге Алға ауданындағы «№1 орта мектебі» және «№3 қазақ орта мектебінің» жоғары сынып оқушыларына Ш.Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Академиясына оқуға түсуге арналған үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, іссапар барысында №9 мекемесінің КСТ инспекторы әділет лейтенанты Еламан Мамшай, Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болып, Ақтөбе облысының Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты түзеу мекемелеріне сержанттар құрамының бос орындарына үміткерлерді жұмысқа қабылдау бойынша брошюралар іліп, академия жөнінде жинақталған видеожазбалар мен фотоларды көрсетіп қайтты.

Сондай-ақ, іссапармен Қандыағаш қаласында болған ҚАЖ қызметкері Еламан Мамшай, Қандыағаш қаласындағы «№ 3 мектеп — гимназиясы» және «Қандыағаш № 2 орта мектебінің» түлектерімен Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу және таңдау тақырыбында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Ақтөбе облысының ҚАЖД сержанттық (бақылаушы) құрамның бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу бойынша брошюралар таратты.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...