Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Наурыз мерекесін тойлады

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментінің жеке құрамы 22- Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті.

Мерекелік басқосуды құттықтау сөзімен ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Руслан Уразбаев, Департамент бастығының орынбасарлары Бақытжан Илюпов, Нұрбек Кабдикаримов және мекеме басшылары мен сала ардагерлер қоғамының төрағасы жеке құрамды мерекемен құттықтап, жыл басы – Наурызда амандық, денсаулық, молшылық, қызметтеріне табыс тіледі.

Бұдан әрі мерекелік жиын дәстүрді дәріптеуге арналған сұрақ-жауап ойындары және кештің басты сайысы – жігіттер арасында жарияланған «Ең үздік бата беруші» және қыздар арасында «Ең үздік Наурыз киімі» номинациясы бойынша үздіктерді анықтаумен жалғасты.

Нәтижесінде, «Ең үздік бата беруші» атағына №70 мекемесінің бастығы Аман Нағашыбайұлы ие болса, «Ең үздік Наурыз киімі» аруы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің тылмен қамтамасыз ету тобының бас маманы Айзада Кельжанова танылды. Номинация иелеріне Алғыс хаттар және арнайы сыйлықтар табысталды.
Көңілді мерекелік басқосу одан әрі ән-күймен жалғасын тауып, мерекенің сәнін келтірді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Олжас Бектенов провел совещание по вопросам цифровой трансформации сферы труда и социальной защиты населения

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел совещание по цифровизации...

Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік...

Сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану

          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік...