Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері балалар мерекесінде отбасылық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментінің қызметкерлері отбасыларымен спорттық сайысқа түсті. ҚАЖ қызметкерлерінің отбасылары арасында «1 маусым — Халықаралық балалар күніне» орай ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен» спорттық сайысы ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, сондай- ақ мереке қарсаңында балаларымен, отбасымен бірге уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізуді мақсат етті.

7 кезеңнен құралған сайыста Ақтөбе облысының ҚАЖ Департаменті және Департаментке қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық Пробация қызметі, Алматы аудандық Пробация қызметі, №70, №8, №9 мекемелерінен барлығы 6 команда өзара бақ сынасты. Бірінші кезеңде қызметкерлер өз отбасыларын таныстырса, келесі кезеңдерде қапшықпен жылдамдыққа секіру, математикалық есептер шығару, арқан тартысумен сайысты.

Қызықты да, тартысты өткен сайыста №8 түзеу мекемесі қызметкерлерінен құралған «Тапқырлар» командасы 1-ші орынды жеңіп алса, 2-орынды №9 қоныс колониясы қызметкерлерінен құралған «Жігер» командасы, ал 3-ші орынды Ақтөбе қаласы бойынша Алматы аудандық Пробация қызметі қызметкерлерінен құралған «Дружная семья» командасы қанжығасына байлады.

Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ ойынға қатысқан барлық балаларға ойын доптары таратылды. Сонымен қатар, ойынға қатысушыларды «1 маусым – Балаларды қорғау күнімен» құттықтаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов барлық балаларға балмұздақтар сыйлап, қуантты.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...