Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуымен босатылған Ақтөбе қаласының тұрғындарына «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мекеме әкімшілігі жазасын өтеп шыққан сотталғандарды мекемеден босатып, қақпа алдында күтіп тұрған туыстарымен қуаштырды.
Сондай-ақ, босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек, құқықтық көмек бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


