Ақтөбеде тергеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге бостандыққа шыққаннан кейінгі мемлекеттік қолдаулар және әлеуметтік көмек түрлері түсіндірілді

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Нұрбол Болатұлы және Сапар Иманбаев, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен кездесті.
Кездесу барысында сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қайтарымсыз гранттар, жастарға шағын несие беру және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпараттар айтылды. Сонымен қатар кездесуде жазасын өтеушілерге жұмысқа орналасу және кәсіптік оқуға жолдамалар алу үшін тұрғылықты жеріндегі «Жұмыспен қамту» орталықтарына жолығуға болатындығы түсіндірілді.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары сондай- ақ, сотталған азаматтардың мекемеден босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін атап өтті. Сол секілді «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді жеңілдетілген кәсіби оқулар туралы, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, табысы төмен отбасыларға берілетін бір реттік және ай сайын берілетін ақшалай әлеуметтік көмек түрлерімен толық таныстырды.
Іс- шарада тұрақты жұмыс орындарына орналасу және әлеуметтік көмек түрлері жөнінде ақпараттандырылған жазасын өтеушілер көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департвментінің баспасөз хатшысы

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...