Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар теологтармен кездесіп, діни бағытта білімдерін арттырды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Астана аудандық пробация қызметінің және Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар Ақтөбе қаласының Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог мамандарымен кездесуге қатыстырылды.

Кездесу барысында орталықтың теолог маманы Ж.Мирманов «Дінді өздерінің саяси мақсаттарына қолданатын және мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ерекше қауіп төндіретін экстремистік және террористік ұйымдар туралы» ақпараттар берді.

Кездесу соңында қатысушыларға жадынамалар таратылды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...